«Отбасым» – бақыт мекенім»

Қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында  махаббат  күніне орайлас «Отбасым»-бақыт мекенім» атты аудандық жас отбасылар сайысы қызықты өтті.

Сайыста Индербормен қатар Жарсуат, Елтай, Ынтымақ, Көктоғай ауылдарының жас отбасылары  бақ сынап, өнерлерін паш етті. Көрермендер мен қазылар алқасының  ықыласына бөленіп  «Үлгілі отбасы» атағын иеленген елтайлық Қабдоловтардың орны бір төбедей көрінді.  Отағасы  Сабыржан мен Тілектестің алғашқы  кезеңнен-ақ  домбыраның күмбірімен тамаша таныстыруы көпшілікті  бірден баурап алды. Түрлі қалдықтардан жасалған сувинерлерінің ішінде  қаңылтыр қалдықтардан палма ағашы мен матадан қиып шығарған құмыра,  әдемі гүлдері ерекше көрінді.  «Заманауи отбасы» байрағын иеленген көктоғайлық Есмұхановтар- Есбол мен Жадыра да  ұлттық дәстүрлерді отбасымен байланыстырып шығаруы әсерлі шықты. Аталған отбасылардың бас жүлдеге лайық екендігін сайыс қорытындысында қазылар алқасының шешімімен, оның төрағасы Қымбат Кәрім атап өтті де. Айта кетейік, бұл сайыста арнайы орын берілген жоқ, түрлі номинациялар бойынша марапатталып, қомақты сый-сияпат табыс етілді.

Тиісінше «Өнерлі отбасы» байрағын  Нұржановтар (Ынтымақ), «Білімді отбасы» Демеуовтер (Индербор), «Көрермен көзайымы» Жаңабаевтар (Жарсуат) отбасы иеленді.

Қызықты сайысты ұйымдастыруға ұйытқы болған Индер аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Сарғойшинаны сайыс барысынды сөзге тартқанымызда былай деді:

–Бүгінгі шарамызда отбасы құндылықтарымен қатар  жастарымызды діни астары бар тарихын білмесе  «Әулие Валентин күніне»   емес, ұлттық танымымыз «Қозы Корпеш-Баян сұлу», яғни  махаббат күнін насихаттауға арналды. Шынын айтқанда көптеген жас отбасылардың белсенділігінің төмендігінен бұл сайысты ұйымдастыру да оңай болған жоқ. Ал тәуекел етіп, бақ сынаған сайыскерлерге ризашылығымызды білдіреміз.

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика