Өнерде де оза шапты

Таяуда "Мемлекеттік қызметкердің бес серігі" атты облыстық онлайн байқауға ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері де қатысып, бақтарын сынаған болатын.

Айталық, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру мақсатында ұлтымыздың ұлы құндылықтары салт-дәстүрімізді дәріптеу, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру, үлгі ету мақсатында өткізілген "Әдептілік-дәстүрден" атты байқауға қатысқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Базарғалиқызы 1 орынды жеңіп алды. Ал "Алтын домбыра" ұлттық музыкалық шығармашылығы тақырыбындағы байқауда аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Сансызбаев Айболат Саламатұлы дипломант атанды. Келесі "Отбасы-үйім, отбасы-тірегім" атты байқауда бақ сынаған аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Нұриев Қайыржан Өтепұлы өз отбасымен қатысып, 2 орынды иеленді.

Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында танымдық, шығармашылық және қоғамдық әлеуеті ашылған атмосфера қалыптастыру, табысты жас мемлекеттік қызметшілердің айқын бейнесін көрсету, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастырып, салт-дәстүрді сақтау мақсатындағы байқауда жерлестеріміз намысты қолдан бермеді.Осы бағытты басты мақсат тұтқан мемлекеттік қызметшілер арнайы байрақтармен марапатталды.

С.КӨШЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21