Мектепте Мұқағалиға арналған кеш өтті

Қалам Есқалиев атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараның мақсаты - соныңа айрықша өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Мұқағали Мақатаев — қазақ халқының Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі. Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай, - Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып,тани алмасақ, бұл-өнердегі заңдылық. Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

Әдеби сазды кеш барысында ақын Мұқағали ағаның «Ей, бауырым», «Шеше сен бақыттысың», «Елім, саған ғашықпын» өлеңдерін 5-сынып оқушылары Самарқан Асылмұрат, Ғарифоллаұлы Нұрасыл, Мажитов Мирхандар оқыса,«Ақ кимешек көрінсе», «Арман қуып», «Бақыт деген не өзі?», «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы» өлеңдерін 6-7 сынып оқушылары Әділгереева Диана, Жолдасова Динара, Аликқызы Айнара, Иманғалиева Гүлжазиралар оқыды.

Мұқағали- ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Ақынның «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Алатау.Алтай.Атырау», «Бақыт деген» әндерін музыка пәнінің мұғалімі М.Қамашеваның баянмен сүйемелдеуімен 6-сынып оқушылары Сибат Айша, Сатбалдиева Айгерім деген оқушыларымыз ақынның әндерінен шашу шашты.

Міне, Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді.

Абуова Назгүл Серикқызы,

Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика