Мамыр айында қазақстандықтар 13 күн демалады

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Жеңіс күні. Биыл мемлекеттік мереке саналатын 1 мамыр сенбіге дәл келіп отыр.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар сенбі, жексенбі, дүйсенбі 3 күн қатарынан демалады.

Сонымен қатар, 9 мамыр жексенбі демалыс күнге келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 7, 8, 9, 10 мамыр күндері тағы демалатын болады. 

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521