Мұраттың жыры – мәңгілік

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасын, тауы мен өзенінің тарихын терең біліп, құрметтеуге үндеген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы биік міндеттерді іске асыруда Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы ерен маңызға ие.

 

Бұл биік мақсатпен үндесетін мазмұнды  шараларды өткізуде аудандық ардагерлер кеңесі ұдайы белсенділік танытып келеді. Оған бұл  қоғамдық ұйымда «Мұрат оқуларының» тұрақты өткізілуі дәлел.

 Осы жолы ардагерлер мен М.Әуезов атындағы орта мектеп, көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі студенттерінің алдында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Сансызбай Базарбаевтың «Мұрат ақын есімі сөнбейді» тақырыбында лекция-баяндамасы  тыңдалды.

Атап айтқанда, ауданның Құрметті азаматы Ерсайын Көшек Ығылман Шөреков пен Халел Досмұхамедов бастап берген Мұраттану жұмыстарын индерліктер кең көлемде іске асырып жатқанын үлгі етсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеп Нұриев бұл жұмысқа астаналық ғалым Бауыржан Омаровтың соны леп қосқанын ерекше атап өтті.

Ал Қазақстанның «Құрметті жолшысы» Қуан Иғалиев сонау балалық шағында Мұрат Мөңкеұлының ізбасары Дәулетқалиды көргенін әңгімелесе, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кеңес Сахи Мұрат ақынның өлке тарихы мен шежіресін өте терең меңгергендігін әңгімеледі.

М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары Баубек Жұмашжан, Ақжүніс Нығымединова, Мирас Елжас ақынның «Үш қиян» толғауынан үзінділер оқыды. Ал колледж студенттері Аяжан Қатап, Ерболат Мұратов, Арайлым Рамазанова да оларды жалғап, өлең шумақтарын тарту етті.

Ұстаздар Гүлзар Досанова мен Сымбат Жапақова болса шәкірттеріне терең тарихтан сыр тартқан әңгімелері үшін аға буын өкілдеріне рахмет айтып, Мұрат ақын шығармашылығының мектеп бағдарламасында орны жайында сөз қозғады.

Ал Мұрат оқулары алдағы уақытта өз жалғасын таба бермекші.

С.БИСЕНОВ.

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика