Халықтар достығы

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай М.Әуезов атындағы орта мектебінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.

Осындай мерекелік шараны өткізуге аудандық музей мұрындық болды.

Еліміздің Әнұранымен басталған шарада музей маманы Гүлдана Адешева ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың арқасында бүгінде еліміздің тыныш, ең үлкен байлық – халықтар достығы екенін айтып, бірлік күні мерекесімен құттықтады.

Шара кезінде өзге ұлт өкілдері Алексей Гратий, София Ищенко, Диана Гратий, Екатерина Церулиева, Александр Румянцев өздерінің Қазақстан жерінде туып-өскендерін мақтанышпен жеткізсе, 7 орыс сыныбының оқушысы Эльнара Аманжанова сыныптағы әрбір өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынастың қашанда жақсы екенін, лайым да солай бола беретіндігін айтып қуантты.

Өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мереке сәнін келтірді.

Диас АЙБАРОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT