Күй ойнайды, қазағымның қанында

Аудандық «Жеңіс» саябағында Ұлттық домбыра күніне орай «Бабамның үнісің сен, домбыра» атты мерекелік кеш сән-салтанатымен аталып өтті.

Жаңа мерекелік кеште Р.Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрі бір мезетте Құрманғазының «Серпер», «Адай», «Саранжап» күйлерін күмбірлетті.

Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев сахнаға көтеріліп, жиналған тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнап, домбырашылық дәстүрдің алтын жібін жалғаған өнер саласы майталмандары мен жастарға шығармашылық табыс тілеп, ыстық ықыласын жеткізді.

– Ұлттық домбыра күні – туған елде халықты ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткендей, тарлан тарихтың  бүгінгісі мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақ­тас­тыратын ұлт жадының тұғыр­намасы да осы төл аспабымызды төрге шығарумен тікелей байланысты болмақ. Халық композиторлары Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше. Біздің ауданымызда осы аспаптың құлағында ойнап, талай көрерменді өзіне қаратқан өнерпаздарымыз аз емес. Аудан өнерпаздарының алғашқы легі 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен мәдениет күндеріне қатысып өнерлерімен тәнті етсе, жас буын жаңа толқын қазіргі уақытта халықаралық, республикалық додаларда алдыңғы қатарлардан көрінуде,-деді ол құттықтауында.

Мерекелік кешті алаштың алтын домбырасының өнер мен өмір пернесін дәл басып, қос ішекті шертуді серік еткен Бөдене саз мектебінің «Әсем әуен» дәстүрлі ән орындаушылары ансамблі халық әні «Беу, айдай» мен Ә.Есбаевтің «Маржан қыз» әнін ерекше орындаумен жалғастырып шықты. Одан әрімен аудан өнерпаздарыАслан Құбаев, Айгерім Бейімбетова, Аймекен Құрмашева, Аманбек Жолдасов, Айтуар Төлегенұлы Құрманғазының, Қисаның, Дәулеткерейдің, Н.Тілендиевтің және халық ән-күйлерін домбырада ерекше ойнап, көрермендердің қошеметіне бөленсе, Айгерім Нығметова, Рза Нұрмағамбетова, Айгерім Талапқызы, Мұратбек Жұмашев әуезді әндерімен шараны шырайландырды.

Осылайша ардақты күн ауданымызда ерекше ұйымшылдықпен аталып өтті.

 

Д.АЙБАР.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика