Индер ауданы өнерпаздары онлайн концерт беруде

Елімізде жарияланған төтенше жағдай аясында көрсетілетін қызметтер қашықтық режиміне ауысқаны белгілі. Осындай жайтқа негіз болған ғаламдық індетті ауыздықтау, бірлесе жеңуге үндеген оңтайлы бастамалар жүзеге асып жатқаны көңіл қуантады. «Индер-Мәдениет» КМҚК- ұжымы да осы берекелі істі жалғастыру үстінде.

Алдымен мәдениет үйінің жас әншісі, танымал өнераз Мұратбек Жұмашев онлайн жүйесі арқылы тыңдарманға өз өнерін ұсынды. Ал текті сөздің төресі болып саналатын терме өнерін ұлықтап жүрген термеші-әнші Еркін Әубәкіров те онлайн жүйесімен бабалар нақылы мен өсиетнамасынан құралған әндерді әлеумет назарына ұсынды.

muratbek

-Жұмысқа келіп-кету шектелгенімен осындай жүйе арқылы көпшілікпен байланыс орнату жолымен өнерпаздар өз шығармашылықтарымен бөлісіп жатыр. Аудандағы Рысбай Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің мүшелері де өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз. Мәдениет үйінде ашылған үйірмелер жұмысын жандандыру да басты мұрат. Биі үйірмесінің жетекшісі Ә.Изтаева да онлайн сабақ беруді жүзеге асырмақшы,-дейді өнер ордасының басшысы Серік Нысанов.

Мәдениет үйінің жетекшісі Серік Қартмамбетұлының өзі де әріптесі Нұрлан Қаракешов екеуі бірігіп бірнеше күйлер орындап көптің ықыласына бөленді.

С.КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521