Фаризаға арналған поэзиялық кеш өтті

Индер аудандық жастар орталығы ғимаратында ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған «Жүректерге бір жылу әкелейін» атты поэзиялық кеш өтті.

Аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен өткен шараны кітапханашы Гүлзина Азанова жүргізіп, мақсаты халық жазушысы атанған атыраулық текті ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру екендігін атап өтті.

dsc_1766

Кеш барысында қазақ поэзиясынан ойып тұрып орын алған, туралығымен турап түсер мінезі бар, көпті өз өлеңдерімен тамсандырып, қазақтың қыздарының мықты екенін дәлелдеп, бір қазақтың емес, бар қазақтың қызы бола білген ақын жөнінде замандастары Әбіш Кекілбаев, Маралтай Райымбекұлы, Нұрлан Оразалин, Роза Мұқанова, Қалқаман Сарин, бейнекөрсетілім арқылы естеліктерін жеткізді.

Ол әрмен қарай поэзияға ұласып, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы Еділ Оңғар мен бір топ аудандық ауыл шаруашылық колледжінің студенттері кеш иесінің туындыларынан көркемсөз оқыса, өнер мектебінің ұстазы Айдар Досымов пен оқырман Самиғолла Піштібаев ақын сөзіне жазылған әндерді шырқады.

d

Сондай-ақ, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Айтолқын Әділбекқызы нәзіктік пен қайсарлықты бірдей тізгіндей білген ақын әпкесіне:

Қазақтың асыл ақыны қазынамсын,

Халқым сенің қазынаннан азық алсын.

Үйреткен даналыққа, адалдыққа

Сіз деген жігері де нәзік жансыз, - деп балғын жүрегінен туындаған өлеңін оқыды.

dsc_1763

Cөз алған аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов осындай рухани кеш өткізіп отырған ұжымға алғысын айтып, алдағы уақытта қазіргі жастардың талғамына сай жаңа кітаптарға тапсырыс беретіндіктерін қаперге берді.

Шара соңында арнайы дайындалған көрмемен таныстырған Г.Азанова Фаризаның әр жүрекке жылу сыйлар туындыларына дайындалып, рухын тағы бір тірілткен жастарға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

dsc_1791

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521