«Елім менің аңсаған…»

Елорда төрінде Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен әрі Отандастар қоры және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қолдауымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, ҚР тіл саясатын іске асыру мақсатында Шетелдегі қандастарымыздың арасындағы «Елім менің аңсаған…» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Мақсаты – шетелдегі қандастарымызды қолдау, ана тілін ұмытпауға жәрдемдесу. Байқауды Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы ашып, қатысушы қандас-бауырларымызға сәттілік тілеп, әрдайым ана тілінің орны бөлек екендігін баса айтты. Сонымен қатар байқау басында «Отандастар қоры» вице-президенті Мағауия Қанапияұлы құттықтау сөзін арнап, Атырау облысы әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Байқауға Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 13 қандасымыз қатысты. Қазылар алқасы мүшелері ақын, әдебиеттанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Д.Кәпіұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі С.Дүйсенғазы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Халықаралық әріптестік және интернационализация» бөлім басшысы, Phd доктор Қ.Әшірханованың шешімімен:

Бас жүлде 100 000 тг – Жакейхан Арманбек (Моңғолия), І орын 80 000 тг – Әділбек Нұрсұлтан (Моңғолия), ІІ орын 60 000 тг – Болатхан Перизат (Моңғолия) және 40 000 тг мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқу ГРАНТЫН Алибекова Балнұр (Өзбекстан), ІІІ орын 40 000 тг Хажайв Күміс (Моңғолия), Туребаев Әлімжан (Өзбекстан), Мусабекова Анора (Өзбекстан), Ынталандыру сыйлықтары 20 000 тг = Жүсіпқалиев Азамат (Өзбекстан), Кеңесбаева Ақмарал (Өзбекстан), Серикова Наргиза (Өзбекстан), Қосмұрзаева Нұрдана (Өзбекстан), Аманова Әсем (Өзбекстан) және Алғыс хатпен – Самратова Сабина (Қырғызстан) еншіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521