«Ел тұғыры – Тәуелсіздік!» фестивалі өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ел тұғыры – Тәуелсіздік!» фестивалін Индербор кентінің өнерпаздары жалғастырды.

Мерекелік шараның шымылдығын Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов ашып, өнер сүйер қауымды егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Концертті «Жасай бер, Қазақ!» әнімен Е.Әубәкіров жетекшілік ететін «Ару – Ана» әжелер және «Атамұра» ағалар ансамблі бастап, өнерлерін ортаға салды. Сахнада Р.Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Ақ Жайық» вокалды аспаптар ансамблі және басқа да жеке орындаушылар әуезді әсем әндерімен қоштады.

- Аудан әкімдігінің тәуелсіздікке арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес фестивальді бұған дейін барлық ауылдық округтер өнерпаздары өткізсе, ендігі кезек Индербор кенті өнерпаздарында болған еді. Әрине, аудан орталығында өнер ордалары баршылық. Ал бүгінгі кешімізде кәсіби өнерпаздармен қатар әуесқой әншілерді де тарттық. Кеш тамаша өтті. Өнеріміздің осылай өрістеуі Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуының арқасы, - деп аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева концертті қорытындылады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521