Бүлдіршіндер алғысын білдірді

Көктемнің алғашқы шуақты күнінде елімізде өнегесі мол, мәні ерекше мереке дәстүрге енді. Адамдар арасындағы мейірбандық пен достық, татулық пен құрметке бастайтын айтулы күн бөбекжайлар да өтті.

«Балдаурен» бөбекжай-бақшасының  «Алтын балық» ересектер тобы бүлдіршіндері де мерекені лайықты атап өтті. «Алғысым шексіз сіздерге» атты кездесуде бүлдіршіндер ата-аналарға, тәрбиешілеріне саз мамандарына өздерінің  алғыстарын, жылы лебіздерін, жүрекше арқылы білдірді.  Сонымен қоса мерекеге орай саз жетекшісі Гүлнәр Хайырлиева музыкалық қоштауымен  көңілді әндерін орындап,  тақпақтарын айтып, қызықты ойындар ойнады. Бүлдіршіндердің ата-аналарынан Болған Молдашева, Нұржамал Тоғанасова, Жаңылдық Құлғалиева қатысып ақ тілектерін арнады.

«Алғыспенен ел көгерер» дегендей, бүлдіршіндердің  рахмет деген қасиетті сөзді жеткізе білуі, өмірдің сәтін бағалай білуі  үлкенді сыйлап құрметтеуге, әдепті сөйлеуге дағдаландырады. Бүгінгі шарамыздың мақсаты да осы болатын,- дейді аталған топтың тәрбиешісі Айнұр Есболайқызы.

Саламат Б.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз