«Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген» байқауы жеңімпаздары анықталды

Индер аудандық шығармашылық орталықта қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті.

Атаулы күнге орай қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған, поэзия падишасы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен көркемсөз байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты - ақын Мұқағали Мақатаевтың қуатты да көркем шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу. Байқауға әр үйірмеден 35 оқушы қатынасып, бақтарын сынады.

Байқауға төрелік еткен Сүйеу Халықов- Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Назерке Самиғоллақызы- Ш.Уалиханов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, орталықтың педагог- психологі Парасат Ерсайнқызы төрелік етті. Қорытындылай келе, бас жүлде Утемисов Айбын, І орын Есенғали Кәусар, І орын Есенғали Кәмшат, ІІ орын Серік Іңкәр, Жақсылық Көркем, Шопанова Арина иеленсе, ІІІ орынды Нұрлыбек Дарын, Төлепберген Сәттібек, Сапарова Аружан, Жаңабай Нұрислам иеленіп, бағалы сыйлықтар табысталды. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға орталықтың алғыс хаттары берілді.

bir-an-bir

bar-bir

 Жангалиева Айнагүл Базарғалиқызы

Бұқаралық бөлім меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT