Әжелер ансамблі жабырқау жандарға ән сыйлады

Индерлік «Ару-Ана» әжелер ансамблі облыс орталығындағы қарттар үйінде концерт қойып, жабырқап жүрген жандардың көңілдерін бір серпілтіп қайтты.

Ансамбль хор мен халық әндері «Ахау керім», «Абайкөк», «Гүлдерайым», «Арыс жағасында» және «Тау ішінде», (С.Сейфуллин), «Жайлаукөл кештері» (И.Жақанов) әндерінен бастап орындады. Жеке дауыста Сағида Машанова, Маруся Жалбирова, Маншүк Басарова, Бақыт Габдуллина ән шырқаса, Қатимаш Хамидуллина мен Дәмелі Досқалиева қазақтың қара домбырасымен ән салды.

Ал Роза Гилманова көркемсөз оқыса, көрермендердің сұрауы бойынша әйгілі жерлесіміз Табылды Досымовтың «Қара гүл» әнін Бақыт Жайымова орындап берді. Сондай-ақ ансамбль құрамында Сайрагүл Тұлымшақова мен Роза Хаятова өнер көрсетсе, өнерпаз Балғаным Бақтиярова баянмен сүйемелдеп, концерттің көркін ашты.

azheler-ansambli

-Қарттар үйінің мүшелері ансамбліміздің өнерін жылы қабылдап, ыстық ықыластарын білдірді. Ауылдан апарған дәмімізді ұсындық. Жандары жабырқап жүрген жандарға мұңды әндерден гөрі көңілді әндерді көбірек орындадық. Оларда көңілдері бөлініп, ортаға шығып билеп, бір серпіліп қалды. Қарттар үйінде тағдырдың тәлкегімен индерлік жерлестерімізде бар екен. Бәрі де ризашылығын білдіріп, наурыз тойына келіңіздер деп қалды,- дейді «Ару-Ана» әжелер ансамблінің жетекшісі Еркін Әубәкіров.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT