Аудандық музей үздіктер санатында

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде жыл бойына ұйымдастырылған «Ұлы дала тарихы» атты аудан күндерінің көрмесі қорытындыланды.

Нәтижесінде ауданымыздың өлкетану музейі «Үздік жәдігерлер» номинациясын жеңіп алса, аудандық шығармашылық мектебінің мұғалімі Нәсіпқали Өтепқалидың қолөнері жоғары бағаланып, алғыс хатпен марапат- талды.

Аталмыш марапатты облыстық музейдің басшысы Р.Харипова табыс етті. Көрменің мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына орай жастардың ұлттық тарихи-мәдени мұраға қызығушылығын ояту, ұрпақ санасын жаңғырту, халық шеберлерінің жұмысын көрсету.

-Көрмеде Индер борат кенішінің минералдары, ақын Т.Досымовтың гитарасы, концерттік костюмі, ұялы телефоны, фотосуреттері сынды аудандық музейдің жәдігерлеріне көрермендердің қызығушылығы көп болды. Сонымен қатар Елтай, Көктоғайдағы Б.Нысанбаев, Жарсуаттағы Махамбет музейінің жәдігерлері де көрермендердің көзайымына айналды, - деді аудандық өлкетану музейінің басшысы Майгүл Жалғасбаева.

Осылайша басқа аудандық музейлер алғыс хатпен шектелсе, арнаулы номи- нация біздің ауданға ғана бұйырыпты. Сонымен қатар белгілі қолөнер шебері Талғат Жұмалиевтің ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқ жиынтығының сертификаты аудандық музейге табыс етілген екен.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика