«Атырау-Ақпарат» ЖШС Дендер газетінің бастамасымен Өнер» мектебінде қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, арқалы ақын, жыр сүлейі Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толуына «Мұрат жыры - мәңгілік» тақырыбында аудандық оқуларын ұйымдастырды. Мақсат рухани хаңғыру, шәкірттер бойына отансүйгіштік, туған жер, патриоттық тәрбие дағдыларын қалыптастыру.
Байқаудың шартына сәйкес, 13 мектептен келген шәкірттер арасынан үш кезең бойынша суырылып алға шыққан Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аманжан Сағынов «Бас жүлдеге» ие болды. Ол Мұрат ақынның атақты "Үш қиян" толғауын жатқа айтып қоймай бірнеше шығармаларында жадына түйген оқушы ретінде танылды. Қалған қатысушыларда жеңіс тұғырынан көрініп, оларға ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар ұсынды.
Диас АЙБАР.