Ауғандық ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жақында «Ауғанстан – мәңгі есімізде» атты Ауған соғысы ардагерлерін құрмет көрсетілген салтанатты шара аудандық жаңа мәдениет үйінде өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз алып, аудандағы Ауған соғысы ардагерлер ұйымы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде, бейбітшіліктің қадірін жеткізе білуде белсенді қызмет атқарып келе жатқанын атап өтті.

- «Ауған соғысына ауданымыздан 50-ден астам азамат қатынасты. Олардың арасында бөденелік Абат Далабаев жат жерде мерт болса, соғыстың зардабынан ардагерлердің бірқатары елге келгенімен өмірден ерте озды. Бұл күн мерекемен қатар еске алу күні. Ағалардың рухына басымызды иеміз», - деді ол.

Сонымен қатар әкім орынбасары Д.Шамұратов даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлік жасағанына 75 жылдығына орай дайындалған мерекелік медальдарды көпшіліктің алдында Ауған соғысы ардагерлерінің омырауына тақты. Аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің басшысы Тұрар Біражанов та құттықтау тілек пен марапаттарды жалғастырды. Ал аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Самат Әйтимов зор құрметке ардагерлер атынан алғысын жеткізді. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Абат Далабаев пен бейбіт өмірде бақилық болған Ж.Бозекенов, С.Рябов, Д.Сұлтанғалиев, Ю.Крысин, Қ.Есенов, Х.Бисенғалиев, М.Досжан отбастарынан қатысқан ата-аналары мен бауырларына гүл-шоқтары ұсынылып, құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ сахнада жігеріңді жанитын патриоттық әндер төрге озып, кештің шырайын келтірді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT