Атырауда түрлі этнос өкілдері марапатталды

Атырауда "Достық үйінде" 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Салтанатты шараны Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов ашып, жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиында мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып жүрген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің маманы Андрей Голодов марапатталды. Мерекелік концертте "Тхониль" корей этномәдени бірлестігінің «Самульнори» ансамблі өнер көрсетті. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 25 жылдан астам уақыттан атап өтіліп келеді және ол еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі.

- Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады және біз бәріміз бір отбасы, бір халық болып өмір сүріп жатырмыз, - дейді «Тхониль» этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Людмила ЛИ.

Айта кету керек, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты "Қоғамдық келісім" КММ атаулы күнге орай ауқымды шаралар ұйымдастыруды қолға алды. Қайырымдылық, мәдениет пен өнерді паш ететін жан-жақты шаралар облыс аумағында өткізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз