Атырауда Алтын Ордаға арналған халықаралық конференция аясында ​ тарихи жәдігерлер көрмесі өтті

«Хан ордалы Сарайшық жерінде жасақталған тарихи көрмені отандық және шетелдік ғалымдарға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

Сарайшық төсіндегі көрмеге Аралтөбе және Миялы қорғанынан табылған алтын сауытты батырлар, көне жәдігерлер, ​ бес қару, 90-ға тарта домбыралар коллекциясы қойылды. Сарайшықта өткен көрме барысында келушілер назарына барлығы 315 экспонат ұсынылды.

Еске сала кетелік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ​ Атырауда өткен "Ұлық Ұлыс - Алтын Орда" халықаралық ғылыми - практикалық конференциясына 30-дан астам отандық және 10-нан астам шетелдік ғалымдар қатысты.

altyn-kam

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT