Асқар Ілиясов Үндістандағы кинофестивальде үздік актер атанды

Мумбайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалі аяқталды. «Үздік ер адам рөлі» санатында «Паралимпиадашы» фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актер Асқар Ілиясов жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат DimasNews-ке сілтеме жасап.

Фильмнің сюжеті бойынша бала кезінен Олимпиада алтынын жеңіп алуды армандаған жас және болашағы зор шаңғышы Мақсат жан түршігерлік апат салдарынан аяғынан айырылады.

Жарақаттан кейінгі депрессиядан шығуға Паралимпиадаға қатысу мүмкіндігі көмектеседі.

DimashNews редакциясының сұрағына Асқар былай жауап берді:

«Мен бақыттымын. Жеңіске жеткенімді айтқан кезде… Шынымды айтсам, тіпті көзіме жас келді. Фильмде өте көп жұмыс жасалды. Бұл менің алғашқы жеке сыйлығым және жұмыстың бағаланғаны маған қатты әсер етті. Фестивальде көп адаммен және Димашпен таныстым. Сіз жұмыс істейсіз, бар күшіңізді саласыз. Еңбегіңіздің бағаланғанын көргенде жұмсалған күштің зая кетпегенін түсінесіз. «Паралимпиадашы» фильмі мені басқа қырымнан көрсетті, өйткені бұл өзіңді жайлылық аймағынан шығарып, шынымен не істей алатынымды көрсететін жұмыс болды. Біздің басты миссиямыз - паралимпиадашылар туралы айту болды. Олармен бірге бір түсірілім алаңында тату команда болып жұмыс істедік. Жалпы, фильм адам рухының салтанатын, оның артында күш бар екенін жеткізгісі келді. Біз паралимпиадашылардың рухын көрсеткіміз келді. Дебютанттардың көбі – режиссер, продюсер, оператор жас, соған қарамастан фильм жеңіске жетті, өйткені әрқайсымыз актерлік ойын, сценарий, визуалды сурет және басқа арқылы не айтқымыз келгенін жеткіздік. Бұндай туынды адамдардың бір идеямен бірлескен кезде пайда болады. Бұл біздің немерелеріміз көретін, өшпес із қалдыратын фильм».

Фильмнің режиссері Алдияр Байракимовтың айтуынша, бұл - лайықты жеңіс.

«Асқардың «Үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жеткеніне өте қуаныштымын, өйткені оның кейіпкерін саусақпен санарлық актерлер ойнай алар еді, өйткені рөл өте күрделі, үлкен актерлік диапазонды, психологиялық және физиологиялық дайындықты қажет етеді. Лайықты жеңіс. «Паралимпиадашы» - мені және оған қатысқандардың бәрін шыдамдылыққа тексерген ерекше жоба, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан және бұл жобадағы көптеген адамдар дебютант болғанына қарамастан, фильм сәтті болды. Оны әлемнің әр түкпіріндегі көрермендер жақсы көреді, оқиғаны түсінеді және кейіпкерлерге жанашырлық танытады. Ең бастысы, көрермен паралимпиадалық спортқа деген көзқарасын өзгертеді, өздерінің тұрмыстық проблемаларына алаңдамайды, ынталандырады және шабыттандырады. Фильм менің және бүкіл түсірілім командасының жүрегінде мәңгі қалады», - дейді ол.

Режиссері – Алдияр Байракимов.
Сценарий – Алдияр Байракимов, Венера Қайыржанова, Роман Жуков
Оператор – Азамат Жаңабеков
Композитор – Әділжан Толукпаев
Тректердің дыбыстық продюсері – Ерлан Бекчурин
Суретші – Әлия Одинаева
Монтаждау – Алдияр Байракимов
Продюсер – Әділет Ибраһим.

 

Фото: dimashnews.com

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521