Жарсуат ауылдық әкімінің қолдауы және Махамбет атындағы орта мектептегі ардагерлер ұйымының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық!» айдары аясында екінші рет «Ардагер-2018» спартакиадасы өтті.
Салтанатты шарада ауылдық округтің бас маманы Д.Қапашев, Бөдене ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Мусағалиев, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің ардагер ұстазы Р.Рысбаева, жарыстың бас төрешісі Д.Құрақов сөйледі. Сондай-ақ мектеп ардагерлер ұйымының төрағасы Бисен Аталық бұл салада Жарсуаттың да өзіндік дәстүр-тарихы бар екендігіне тоқтала келе, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бағдарламасына сәйкес ардагерлер спорттың үстел теннисі, шахмат-дойбы, тоғызқұмалақ және қазақтың ұлттық ойыны асық атудан қызықты жарысқа қатысып, ой өрнегін қыздырып өзара біраз тартысқа түсті. Міне, осылайша жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер өзара бөлісіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
С.БИСЕНОВ.
Жарсуат ауылы.