Қаңтарулы қалды гитараң...

Мына бес күндік пәниде өз ажалын өзі болжап кеткен пенделерді әулиелер ме деп қаласың.

Олай деп отырғаным, тыңдаңызшы, мына жырды:

Атыңды сені айтамын ән қылып неге,

«Қозым-ау, деші күлімдеп Баяндай маған.

Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,

Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам.

Оянбай қалам, Бұл шындық, ұрыспа, қарғам,

Шөлмек – тірліктің белгілі құлай сыңары Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,

Баурыңа басып егіліп, жылайсың әлі! – деп жырлап кеткен Табылды шайыр солардың бірі секілді.

Өмірі мызғымайтын, құлауды айтасыз, еңкеймейтін емендей берік көрінген, қылышынан қаны тамған кеңес үкіметі тұсында - ақ, Тәкеңнің;

Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,

Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.

Сәкен, Ілияс, Бейімбет – үш арысты бір түнде,

Арамыздан ап кеткен «Үш әріппін» десеңші... – деп басталатын әні қазақ даласына лезде тарап кетті.

Кейін сұрастыра келе ән авторы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенті Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын атыраулық Табылды Досымов екенін білдік. (Бард біздіңше жырау деген сөз. Бардизм португалия халқының гитарамен айтылатын жеңіс жырларынан бастау алады). Сол кездегі жаңа әнге жаны құмар жастар Табылдының жүрек қылын шертіп, адамның алпыс екі тамырын иіп, сезімін бей-жай қалдырмайтын мына бір әнімен:

Табиғат беріп қойған күз хабарын,

Мен сені күзден-дағы қызғанамын.

Әйтсе де сезбейсің-ау өзіңді ойлап,

Бұлқынып жүрегімнің сыздағанын.

Жүректі алып ұшқан самғай әнім,

Сені ойлап сағыныштан сарғаямын, - деп сүйіктілеріне деген ғашықтық сезімін егіле жеткізсе, енді бірде:

Ақ дидарың – ай сенің, ақ дидарың – ай,

Сезесің бе, кеудемде от – күй барын.

Жүрегімді сен неге көп қинадың?

Қас – қабағың – ай, сенің қас қабағың – ай,

Жанарыңа қарауға жасқанамын.

Ару қызы сен бе едің Астананың? - деп әндететін.

Ия, тағдырдың жазуы солай болған шығар, бір қалада (Алматыны айтамын) жүрсек те кездесудің сәті түспепті. Кейін маған Атырау облыстық филармониясының директоры, қазақтың ән өнерінің үлкен жүректі жанашыры марқұм Асқар Харесовтен филармонияға әншілік қызметке арнайы шақырту қағазы келді. Көп ойланбастан Атырауға тартып кеттім. Мені Әуежайдан Асекеңмен бірге ірі денелі өзім шамалас жігіт жымия қарсы алды.

Өзін «Табылды Досымов» - деп таныстырды. Филармония жанынан құрылған «Желтоқсанның жебесі» атты ансамбль жетекшісі екен. Жұмысқа орналасқаннан кейін, араға бір апта салып, жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен 362 әулиелі киелі мекен Маңғыстау өңіріне гастрольдік сапарға аттандық. Маңғыстау елі Шамғұл шайырын тойлап жатыр екен, тойдың үстінен түсіппіз. Маңғыстау жұртын тұңғыш көруім. Қаймағы бұзылмаған қазақилығы мен салт – дәстүрін берік ұстанған ел екен. Орыс – қазағы аралас өңірден келген маған, маңқиған Маңғыстау шөл даладағы бейне бір оазис сықылды көрінді. Халқы құрақ ұшып құшақ жая қарсы алып жатыр. Кешкісін концертімізді бастап та жібердік.Конфераньсе Табылды Досымовты сахнаға шақырамыз деп хабарлағанда зал сілтідей тына қалды. Гитарасының құлақ күйін келтіре, жеті шекті тере шертіп, ешкімге ұқсамайтын дауыс ырғағымен әйгілі ақын Светқали Нұржанның сөзіне жазылған «Сәйгүлік» әнін шырқай жөнелді.

Серік Абдрахманов, Ә.Қашаубаев және Ғ.Құрманғалиев атындағы республикалық әншілер байқауларының лауреаты.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика