Ж.Досымбаева: "Карантин жеңілдетілгенмен, санитарлық талаптар сақталуы тиіс"

Атырау облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына орай бірқатар кәсіптік нысандардың жұмысы қайта жанданады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік тіркелу саны - 15-20 адамды құрап отыр. Сәйкесінше, 17 тамыздан бастап өңірде карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілмек.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанар Досымбаеваның айтуынша, карантин талаптары жеңілдетілгенмен, тұрғындар санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. - Өңірдегі эпидахуал тұрақтанғанымен, қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті, облыс тұрғындары карантин шараларының жеңілдетілгеніне қарамастан, санитарлық талаптарды орындауға тиіс. Азаматтар үнемі маска тағуға, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметіне рұқсат берілетін кәсіптік нысандарда жаппай дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуі керек, - деді Жанар Досымбаева.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап өңірде сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен ашық базарлар сондай-ақ, сұлулық салондары, шаштараздар мен СПА орталықтар өз жұмыстарын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика