ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ДА ЕМІ – ЕКПЕ

Индер ауданда соңғы 10 жылдықта қызылша инфекциясы тіркелген жоқ. Алайда аталмыш инфекция қоздырғышы жойылған аурулардың қатарына жатпайтындықтан, ауру жұқтыру қаупі жоқ емес. Сол себепті қызылша инфекциясы туралы ақпарат беруді дұрыс деп ұйғардық.

Тек адамдар ғана ауыратын қызылша инфекциясының вирусы жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабатының үстіңгі бөлігінің ұсақ тамшыларында көп мөлшерде болады. Бала мен ересек адам вирусты жөтелген және түшкірген кезде, сондай-ақ сөйлегенде жиі бөледі. Сырқаттанушылықтың артуы әдетте, адамдар жабық үйжайларда ұзақ болатын жылдың суық мезгілінде орын алады.

Аурудың алғашқы кезеңінде науқас адамда жалпы әлсіздік, бастың қатты ауыруы білінеді, ұйқы бұзылады және тәбеті нашарлайды. Дене температурасы көтеріледі және ол қызылшаның ауыр түрі кезінде 40°С-қа жетуі мүмкін. Аурудың алғашқы күндеріақ адамда шырышты бөлінділері бар қатты тұмау, тұрақты құрғақ жөтел, қабақтардың ісуі, конъюнктивит байқалады. 3-8 тәуліктен кейін науқастың денесінде біртін деп ағып кететін ашық түсті дақты-папулезды экзантема пайда болады.

Жүктілік кезінде қызылшаны жұқтырған жағдайда вирустың плацента арқылы еніп, нәрестеге жатырішілік жұқтыруы байқалады. Бұл инфекциялық аурудың тік жолмен берілуі туа біткен қызылшаның дамуына әкеледі. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әдісі – уақытында вакцинациялау болып табылады. Елімізде қабылданған екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцинациялау 12-15 айлық жаста (бір рет) жүргізіледі. Ревакцинациялау 6 жаста, мектепке барудың алдында бір рет жүргізіледі. Халықты қызылшаға қарсы иммундау үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы аралас вакциналар және моновакцина қолданылады.

Қызылшамен ауыратын науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған, екпе алмаған, екпе алуы туралы деректерсіз немесе инфекцияға қарсы екінші доза алмаған 30 жасқа дейінгі адамдарға қызылшаға қарсы, ол болмаған жағдайда ККП моновакцинамен шұғыл иммундау жүргізіледі. Ата-аналарға, адамдардың көп шоғырланған жерлерге (сауда-сауықтыру орталықтары, ертеңгіліктер және т.б.) вакцинация жасалмаған, яғни қызылша ауруына қарсы профилактикалық егу жасалмаған балалардың баруын шектеу керектігін ұсынамыз.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу м е д и ц и н а л ы қ - с а н и т а р и я л ы қ алғашқы көмек ұйымдарына жүгініп, дәрігердің ұсыныстарын қатаң ұстанып, ұсынылған емнен бас тартпай, сондай-ақ, белгiленген күнтiзбеге сәйкес вакцинациялаудан өту керек. Өз уақытында жасалған вакцинациялау адамды қызылшадан және оның асқынуынан сақтай алады! Ендеше, ата-аналарға балаларынаа өз кезегінде екпелерін салдыруы керектігін айтқымыз келеді. Сол арқылы балаларымыздың денсаулығын сақтай алатынымызды ұмытпайық.

Ләззат КАНАПИНА,

аудандық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау басқармасының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT