Ұстаздар да екпе салдырды

Халық саулығын қамтамасыз ету үшін елімізде 1 ақпаннан бастап КВИ вакцинациясын салу қолға алынғаны белгілі.

Алғашқылардың бірі болып вакцина салдырған аудандағы дәрігерлердің бастамасын осы жолы ұстаздар жалғастырып, мемлекеттік дәрежеде қолға алынған игілікті іске өз үндерін қосты. Олармен бірге аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов екпе салдырды.

fb_img_1616131252296

Аудандық емханада арнайы дайындалған екпе егу бөлмесіне келген ұстаздардың қан қысымы мен дене қызулары өлшенген соң кезекпен екпе егу бөлмесіне өтті. Біз осы жолы аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайырлы Гилмановты да кездестіріп әңгімеге тартқан едік.

-Аудандық білім бөлімінің әдіскері ретінде педагогтардың вакцина алуына байланысты өзімнің тиісті вакцинамды алдым. Ешқандай кері әсері байқалмайды. Сондықтан басқа әріптестеріме де алуға кеңес беремін. Вакцина алудың арқасында ауруға шалдықпайтыныма сенімдімін. Бұл бастама мемлекеттік маңыз беріліп жан-жақты зерделеуден өткізіліп отырған оң бастама деп білемін. Сондықтан да әрбір азамат өздерінің ғана емес, айнала қоршаған ортамен қатар жақындарының амандығы үшін өз үлестерін қосуы тиіс деп санаймын,-дейді ол.

fb_img_1616131216075

Аудандық емханада екпеге қажетті дәрілер алынып, екпе жұмыстарын мейлінше ыждағатты жалғастыру көзделіп отыр. Қажетті шаралар дереу қабылдануда.

fb_img_1616131147665

Аудандық аурухананың бас дәрігері, аудандық мәслихаттың депутаты Анар Доспаеваның айтуынша, наурыз айының екінші онкүндігінен бастап ұстаздар екпе салдыра бастаған. Ол үшін ауданға 80 доза әкелініп, бүгінгі күнде 25 ұстазға екпе жасалыныпты. Екпе алған ұстаздар арасында кері әсері болмаған. Барлығы дәрігерлердің бақылауында.

fb_img_1616131169577

Айта кетейік, екпе алу жұмыстары ерікті түрде жүргізілуде. Әр сала мамандары екпені кезең-кезеңімен алатын болады. Қажетті дозалар уақтылы жеткізілмек.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT