Тамаққа абай, ойыншыққа сақ болыңыз!

Барлық адам Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді және көбі мерекелік дастарханды мол етіп дайындауға тырысады.

 

Алайда, тамақтың дайындалу технологиясы мен сақтану режимдері бұзылған жағдайда, мерекелік дастарханды тамақтан улану бұзуы мүмкін.

Ең бастысы – азық-түлік сатып аларда қырағылық танытып, тауардын мерзімін, шығарылған уақытын қадағалап, сыртқы түріне және бөтен иістің болмауына назар аудару керек. Егер тамақ өнімінің сапасы мен шыққан жеріне күдік туындаса тауарды алмаңыз. Белгіленбеген сауда орындарынан, әсіресе үйде дайындалған консервілерді сатып алмаңыз, бұл Ботулизм аурына әкеліп соғуы мүмкін.

Сонымен қатар, әрбір ата-ана балаларына жаңа ойыншық сыйларда қауіпсіздікті ұмытпау керек. Себебі, еліміздегі саттықтағы 97 % ойыншықтар Қытайдан әкелінеді. Яғни, ойыншықтың сырты жабысқақ болмауы керек және қолмен ұстағанда қолға бояуы жұқпауы тиіс, бала аузына салғанда сілекеймен бірге зиянды бояу ішкі құрылыстарға түсүі мүмкін. Жалпы ойыншық сатып аларда өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды сатушыдан талап ете отырып, балаңыздың өміріне қауіпсіз сыйлық сыйлаңыз.

Ш.Ержанова,

аудандық мемлекеттік бас санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT