Президент әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырды

сурет ашық дереккөзден алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрландыру экономиканың барлық салаларын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық салаларына енуі тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адами капиталдың сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет. «Жайлы мектеп» жобасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, ЖОО базасында академиялық артықшылық орталықтарын құруды жалғастыру қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы отандық ғылымның кешенді дамуын жеке бақылауына алатынын айтты.

«Одан бөлек, денсаулық сақтауды жаңа сапалы деңгейге шығару қажет. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мұнда цифрлық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды. Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық салаларын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық салаларына енуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша ырықтандыру қажет», - деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз