Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан науқастардан 14 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 57 адамға жеткен. Қызылқоға-1, Индер және Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 12 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 233 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 767 адам ем қабылдауда.
ATPress.kz