Өңірге "Hayat-Vax" вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді

Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған Sinopharm компаниясының вакцинасы Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

11 мамырда аймақтың алғашқы тұрғыны "Hayat-Vax" вакцинасын алды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, препарат сертификатталған және ерікті негізде вакцинациялауға арналған.

- Біздің облыста халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Жақында аймаққа БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының "Hayat-Vax "вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 дозаны "Медикер Жайық" ЖШС-не жібердік, қалған дозалар қазіргі уақытта қоймада сақталуда және вакцинация пункттері бойынша үлестірілетін болады,- деді А. Байдуәлиев.

Осылайша, қазіргі уақытта Атырау облысының егу кабинеттерінде Qazvaс, "Спутник V" және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн. дозасы "Самұрық-Қазына" қоры арқылы сатып алынды. Аталған вакцина Қазақстанның барлық өңірлеріне жіберілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521