Өңірде бір тәулікте 765 тұрғын Covid-19 инфекциясына қарсы екпе алды

Өңірде covid-19-ға қарсы халықты жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

5 сәуірдегі дерек бойынша, "Спутник V" вакцинасының I компонентін 765 адам алды. Оның ішінде, 103 медицина қызметкері, 130 педагог, 93 полиция қызметкері, 16 студент, 15 жабық мекеме қызметкерлері, 25 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 12 мемлекеттік қызметші, 13 созылмалы аурумен ауыратын адам, 358 жергілікті тұрғындар бар.

Биылғы 1 ақпан мен 5 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 4868 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2026 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды.

Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясынан өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика