Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 9 науқас тіркелген.
Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 78 адамға жеткен. Құрманғазы-12, Жылыой ауданында 2 адамнан Сovid-19 анықталған. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 321 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 95 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда - 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 811 адам ем қабылдауда.
ATPress.kz