Облыста бір тәулікте 1186 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының I компонентін 1186 адам алды. Оның ішінде 30 медицина қызметкері, 33 педагог, 51 полиция қызметкері, 3 студент, 49 құқық қорғау органдарының қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 34 созылмалы аурумен ауыратын және 968 жергілікті тұрғын бар.

1 ақпан мен 14 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 11235 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2893 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды.

Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.

9 сәуірде аймаққа "Спутник V" вакцинасының 8 мың дозасы жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика