Бүгінде облыста жаңа туылған ақауы бар балаларды емдеу үшін арнайы аппараттар алынып, іске қосылып жұмыс жасауда. Сондай-ақ, жуырда Атырау қалалық перзентхана ғимаратында Алматы медико-генетикалық орталықтың филиалы ашылды.
Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беруінде айтылды.
– Ол жерде әртүрлі генетикалық аурулардың алдын алу және дер кезінде анықтау мақсатында жүкті әйелдерге биохимиялық-перинеталдық диагностика, жаңа туған нәрестелерге неоноталдық диагностика жасалады. Қазіргі уақытта алматылық дәрігерлер жергілікті мамандарды тегін оқытып, үйретуде. Бұл жұмыстар өз нәтижесін береді деп сенемін, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Atr.kz сайтынан