Облысқа QAZVAC вакцинасының алғашқы 2000 дозасы жеткізілді

Атырау облысының әрбір тұрғыны қазақстандық вакцинаны алуына болады. Қазір отандық екпе қолданысқа шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, екі компоненттен тұратын QAZVAK вакцинасының алғашқы 2000 дозасы 25 сәуір, жексенбі күні Атырауға жеткізілді.

Бүгін де вакциналар екі егу пунктіне - Атырау қаласының 4 және 7 емханаларына бөлініп таратылды.

-Қазақстандық QazCovid - in (QAZVAC) вакцинасы – бұл екі дозалы вакцина. Бір құты бір адамға есептелген. Сонымен қатар, отандық вакцина мұздатуды қажет етпейді, плюс 2 - ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталады, - деп түсіндірді Асхан Байдуәлиев.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың дозасы шығарылды және қазірдің өзінде Қазақстанның барлық өңірлеріне таратылуда.

Бүгін QAZVAC вакцинасын бірінші болып ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика