Індетті жеңуге атсалысыңыздар!

Көптің көңілін күпті еткен коронавирус індеті медицина саласында 40 жыл еңбек еткен, бүгінгі күні зейнеткер ембике мені де бейқам қалдырмай, елінің, халқымның әр отбасының денсаулығы үшін, қолыма қалам алғанды жөн көрдім. Аждахадай аранын ашып келген тажал, тосқауылға қарамай күннен-күнге өрши түсуде.Осыған қарап-ақ індетке жайбарақат қарауға болмайтындығын түсінуге болады.

Коронавирус бұл жәй ғана тұмау емес. Коронавирус-көлемі жағынан басқа вирустардан әлде қайда кішкентай. Оны микроскоппен көру де мүмкін емес екен. Инфекция жұқтырған адам түшкіргенде немесе жөтелгенде слекейінде миллиардтаған вирус таяқшалары жасушаға түсіп, ақуыздың бөлінуін тежеп, орнына өзінің көшірмелерін туғыза береді. Осыдан науқастың жағдайы нашарлай бастайды. Аталмыш аурудың таралуы тұмау секілді болғанымен, оның жұғу қаупі жылдам болып отыр.

Вирус ауада үш сағатқа дейін өмір сұре алады. Ал пластик, темір материалдарда үш күнге дейін тіршілік ететіні мәлім.

Коронавирус жұқтырған адамдардың алғашқы белгілері мыналар

1. дене қызуы,

2.құрғақ жөтел,тамақ немесе мұрын қуысы құрғау, жыбырлау,

3. шаршау, әлсіздік

Ал қосымша белгілері мыналар

1.денедегі түрлі ауырсынулар,

2.тамақ ауырсыну

3. іш өту,

-бас ауыру

-иіс сезуді немесе дәм сезуді жоғалту

-көз былшықтану немесе қызару

Осындай белгілер білінсе, бұл covid емес деп немқұрайлық танытпай бірден учаскелік дәрігерге хабарласу керек. Науқас ең алдымен үрейге бой алдырмаған дұрыс. Қайткен күнде де сауығып шығамын деген сенімде болуы қажет. Сенім бар жерде жеңіс болары анық. Бұл індетпен қауіп тобындағы адамдар: тыныс ағзаларының, жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, сусамыр, иммунитет тапшылығы сырқаттары бар адамдар. Әдетте, бұл қарт кісілер. Сондықтан жасы 60 тан асқан егде жастағы иммунитеті төмен адамдарға көшеге шықпай, үй жағдайында сақтанғандары жөн деп кеңес бергім келеді.

Азаматтарға әлеуметтік арақашықтықты сақтау, бетперде тағу, қолды жиі сабынмен жуу, антисептиктерді қолдану, адамдар көп шоғырланатын орындарға бармау сынды алдын алу шараларын жүргізген жөн. Індеттің бетін жүйелі жұмыс, саналы тәртіп қана қайтара алатынын көріп отырмыз. Вируспен күрестегі ең қайырлы амал-карантин. Өйткені сіз жан – жағыңыздағы адамдарға инфекция жұқтырмауға тиіссіз. Бұл Сіздің қоғамға деген жоғарғы жауапкершілігіңіз әрі құрметіңіз болып табылады. Осы орайда осынау қиын сәтте медицина қызметкерлерінің ерен еңбектері, шипалы алақандары, мейірімді жүректеріне медицина саласының зейнеткері ретінде алғысымыз шексіз.

Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Індеттің беті тезірек қайтса екен деп тілеймін! Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын. Баршамыз тәртіпке бағынып, карантин талаптарын сақтап, атсалыссаңыздар біз індетті жеңеміз.

Сара ТӨРЕМҰРАТОВА,

Елтай дәрігерлік амбулаториясының зейнеткер ембикесі

сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521