Кешегі мамырдың аяғында Алматыдағы инфекциялық ауруханалардағы жағдай бойынша менингококк инфекциясын жұқтырған 52 ауру анықталып, факт зертханалық негізде расталды.
Осыған байланысты дәрігерлер дерттің тамақ ауыруы, бас ауруы, температура көтерілген жағдайда, денеде бөртпелер пайда болған жағдайда бірден 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем қызметкерлерін немесе учаскелік дәрігерді шақыруға кеңес береді. "Барлық медициналық ұйым (емханалар) күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Менингит – бас миы мен жұлынды зақымдайтын, қауіптіжұқпалы ауру. Ауа тамшылы жолмен адамнан адамға жұғады.
Менингококкты менингит жедел басталады. Науқаста осы ауруға тән яғни мойын бұлшық еттері тырысқан, бас артқа қарай, арқасы түзу, іші тартылып, аяғы ішке қарай жиналған белгілер пайда болады. Жиі 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар ауырады. Инфекция жоғары және төмен температурада тез өледі, қолайлы өсу температурасы-37 градус болғандықтан адам организмі қолайлы.
Менингококкты инфекцияның қоздырғыш көзі –- ауру адамдар және дені сау таратушылар, таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін.
Аурудың алдын алу үшін менигиттің кейбір түрлерімен (менингококкты менигит, b типті геммофильді таяқшамен шақырылатын, пневмококк және паротит вирусымен шақырылған түрлері) Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жасалатын алдын ала, жоспарлы түрде жасалатын екпелермен сақтануға болады.
Арнайы емес алдын алу шараларына келсек, жөтелу этикетін сақтау (жөтелу кезінде ауызды беторамалмен жабу), қолды жиі сабынмен мұқият жуу, созылмалы фарингит, тонзиллит, ларингит сияқты аурулардан емделу, науқасқа таза ауада көп серуендеу, қоғамдық көлікке сирек отыру, адам көп жиналатын орындарда (дүкен, шаштараз, базарда, бассейнге барғанда) ұзақ уақыт болмау, витаминдер мен минералдарға бай азық-түлікті пайдалану. Осы орайда жабық ғимараттарда адам көп жерде өтетін мәдени және спорттық іс-шараларға барғанда, сондай-ақ, мешітке намазға барған уақытта жеке бас гигиенаңызды сақтап, маска киюуіңізді сұраймыз. Ауаны тазартып, дезинфекциялық заттардың көмегімен ылғалды тазалық жұмысын жүргізуге кеңес береміз. Бұл санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ауру-сырқауды реттеуге жол береді. Дер кезінде дәрігерге жүгінбеген немесе емді кешіктіріп алған жағдайда менигит өте қауіпті асқынуларға, кейде өлімге де алып келуі мүмкін.
Ең бастысы назофаренгит, суық тию белгілері бар науқастар бірден медициналық қызметкерлерге баруы керек. Еске сала кетейік, бұл дерттен төрт адам көз жұмды. Олардың бірі студент, енді бірі балабақшаға барып жүрген бүлдіршін және екі ересек адам. Дерттен қайтыс болғандардың барлығы дәрігерлерге кеш барғандар.
Сондықтан, дәрігерге ерте қаралып, емдеу шараларын ерте бастау– жазылудың кепілі.
Ш.Ержанова,
аудандық мемлекеттік бас санитарлық дәрігері