Мейірбикелер еңбегі ескерілді

Өткен аптада мейірбикелердің төл мерекесіне орай аудандық орталықтандырылған ауруханада байқау ұйымдастырылды.

Оған аудандық аурухана, емхана және Есбол, Елтай, Көктоғай, Өрлік амбулаториясының мейірбикелері қатысып, бақтарын сынады.

Алғаш боп сөз алған аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева мейірбикелер дәрігерлерден кейінгі адам өміріне жауапты тұлға екендігін айта келе, осындай қиын да қатерлі, жауапты жолды таңдап, аудан халқына қалтқысыз қызмет етіп, денсаулықтарын жақсартуға күш салып жүрген қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хаты мен гүл шоқтарын табыс етті.

Әрі қарай ән, көркемсөз оқу, өз өнерлерін көрсету, терме айтудан тұратын шара мақсаты – мереке иелеріне жақсы көңіл-күй сыйлап, олардың бойындағы дарын-қабілеттерін байқау болды. Сайысқа жақсы дайындықпен келген қатысушылар шарықтатып ән салып, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін барынша ортаға салып, тек саланың ғана емес, өнер жолында да ешкімнен кем еместігін көрсетіп бақты.

Сайыс нәтижесін хабардар еткен кәсіподақ төрайымы Күләш Құбайдоллақызы барлығының да өнерлеріне тәнті болғанын айта келе, аудандық аурухана бас бәйгені, Өрлік амбулаториясы мен емхана кейінгі орындарды иеленгендігін мәлімдеп, әр кезең бойынша үздіктерді марапаттап, сыйлықтар табыс етті. 

Шараны бас мейіргер Сәния Қабдығалиқызы қорытып, әсерлі кеш сыйлаған ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

А.БОКИРОВА.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика