Маскасыз жүргендер жауапқа тартылады

 Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, тұрғындарға медициналық маска тағу міндеттеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаеваның мәліметінше, қаулының бұл талабын орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Тұрғындар қоғамдық орында, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперде киюге міндетті. Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер аталған талап сақталмаса, азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Жанар Досымбаева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 3 тамыздан бастап қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатыны арнайы қаулыда айтылған еді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521