Коронавирусқа қарсы вакцина қалай егілмек?

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцина қалай егілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцинация екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 0,5 мл мөлшерінде салынады. Осыдан кейін екінші кезеңде 21 күннен соң 0,5 мл мөлшерінде екінші компонент салынады. Вакцина бұлшық еттің ішіне жіберу арқылы ғана егілетінін атап өту керек. Оны бұлшық етке салады. Иықтың сыртқы бөлігіне егеді. Вакцинацияны салмас бұрын вакцина флаконы бөлме температурасында сақталуы керек. 0,5 мл дозаны алатын бірреттік шприц қолданылады. Жылытылған флаконнан 3 мл-ға дейін дозаны алуға болады. Яғни бір флакон 5 адамға дейін жетеді», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Марат Шоранов вакцинация жүргізер алдында азаматтардың дене температурасы өлшеніп, жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалатынын айтқан еді.

Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521