Хиджама пайдалы, бірақ...

Дәстүрлі медицина – ең көне ғылымдардың бірі. Медициналық дәрі-дәрмектің оның қазіргі заманғы түсіндірілудегі барлық түрлерін жиынтығын білдіреді деп аталатын баламалы медицина.

Қазақстанда дәстүрлі емес медицина түрі – хиджама әдісімен емдеу.

Хиджама – бұл адам денесінен қан алу. Қан алу – бұл аз мөлшерде болса да қан жоғалту, сондықтан ағза үшін ол белгілі бір деңгейдегі "стресс" болуы мүмкін. Ем-домның ережелерін сақтамау денсаулықтың нашарлауына әрі келесідей жанама әсерлерге әкелуі мүмкін: құсу және диарея, қатты шаршау, қан қысымның күрт төмендеуі, температураның жоғарылауы, қанның аз мөлшерде алынуы қиындықтар да тудыруы мүмкін. Мәселен қан кетпей, тоқтап қалады немесе керісінше тоқтамай қоюы мүмкін. Кей жағдайларда тіпті науқас есінен де танып қалуы ықтимал. Мұндай қиындықтарға жол бермес үшін, міндетті түрде хиджама жасамастан бұрын дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

Егер хиджама жасауға бел бусаңыз, арнайы білімі бар, мемлекеттік лицензиясы бар, денсаулыққа қолданылатын дәстүрлі емес медицинаның емдеу әдістерін, қауіпсіздігі туралы медициналық ұйымдардан алынған қорытындысы бар адамға жүгінген жөн.

Хиджама жасайтын орын санитариялық талаптарға, қолданыстағы құрал-саймандардың (банка, лезвия т.б) арнайы стерилизациядан, жуып-шаюдан өткізілуі керектігін біле жүргеніңіз жөн. Мұндай жолмен емделген адамдар ВИЧ инфекциясын, В және С гепатитін жұқтыруы мүмкін екенін де есте ұстаған жөн.

Хиджама денсаулыққа оң әсер етуі үшін банкілер дененің кез келген жеріне емес, тек арнайы кей бөліктеріне ғана қойылуы керек. Өйтпеген жағдайда қан алу процесінің денсаулыққа зияны болуы мүмкін. 20 жастан кіші әрі 70 жастан үлкен адамдарға хиджама жасауға болмайды.

Хиджаманы келесі аурулар мен патологияларда жасауға болмайды: анемия; психикалық ауытқулар; астения; онкологиялық аурулар; жүктілік және лактация кезеңі; ритроциттердің жетіспеушілігі; ашық жарақаттар болған жағдайда; қатты шаршау, әлсіреу болғанда; лейкоциттер мөлшері аз болғанда; гематокрит төмен болғанда; тромбоциттер тапшылығы; АИТВ, ЖИТС аурулары; атеросклероз; гепатит, мерез; ағза әлсіреген жағдайда; бауыр циррозы; ауыр жүрек ақаулары.

Хиджама адамден саулығын жақсартады және көптеген ауруларды емдеуге көмектеседі. Алайда емдеудің бұл түрі бірқатар кеңестер мен оны жасатуға болмайтын жағдайларды еске ұстауды талап етеді.

Егер балаңыз немесе өзіңіз хиджама қызметіне жүгінетін болсаңыз, міндетті түрде қызмет көрсетушінің заңдастырылған құжаттарын, рұқсат қағазын талап етіңіз. Кез келген жердегі аталмыш көрсетілетін қызметке көзсіз сеніп, балаларыңыздың, өзіңіздің өміріңізге, денсаулығыңызға зияны тимейтініне көз жеткізіп дұрыс. Себебі, денсаулық пен өмірге келтірілген зиянның орны толмайды.

Г.УРАЗАЛИЕВА,

аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521