Өңірде бірқатар көпшілік нысандардың жұмысы қайта жанданбақ (жаңа қаулы мәтіні)

Атырауда облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі 104-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы  №43 «Қазақстан Республикасыныңхалқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қазандағы №54 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, облыс аумағында жағдайлардың одан әрі тіркелуін ескере отырып, адамдардың өмірін, денсаулығын қорғау және Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын азайту мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 16 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 - дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2. Атырау облысы аумағында:

1)   көрмелер, форум,  конференция, сондай-ақ, отбасылық,  еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзгеде шаралардың  өткізілуіне, сондай-ақ,  осы тармақтың 25 тармақшасында көрсетілген шараларды қоспағанда, думанды, ауқымды спорттық шараларға  тыйым салынсын;

2) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдарымен аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік  кеңселердің,  кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда)  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда қызметіне тыйым салынсын;

3) қоғамдық  жағажайлардың, аквапарктердің, аттракциондардың қызметіне тыйым салынсын;

4) саяхаттау катерлер (өзен трамвайы) қызметіне тыйым салынсын;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резеварттар және басқалардың қызметін қайта бастауға (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдастырылған топтар үшін, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы) рұқсат берілсін;

6) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қалааралық, ауданаралық және қала маңындағы жолаушылар автобус тасымалына рұқсат берілсін;

7) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және шахматтық жүйемен отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде ғимараттарды  желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және  50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың,театрлардың  кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат берілсін;

8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни объектілердің қызметіне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, жеке режимде рұқсат берілсін;

9) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып , алдын ала жазылу бойынша сағат  09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30% - дан аспайтын , бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне  рұқсат берілсін;

10) отыратын орындар санына сәйкес толтыру бойынша, қарбалас уақытта жүретін автобустар санының көбейтуімен, кондуктордың қатысуымен және дезинфекциялау құралдарымен өңдеумен және соңғы аялдамасында барлық есіктерді ашумен, қоғамдық көліктің жұмысын қайта бастауға рұқсат берілсін;

11) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілсін;

12) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда 15 баладан аспайтын кезекші топтарын  ұйымдастыра отырып, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат берілсін;

13) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің  оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат берілсін;

14) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бір адамға кемінде 4 ш.м. есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат берілсін;

15) сағат 22-00-ге дейін жаттығу залдарының, фитнес орталықтарының, спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

16) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 ш. м. дейін қоғамдық моншалар, сауналар қызметіне сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат берілсін;

17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 20-00-ге дейін  жалпы сыйымдылығы 30% - нан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың  жұмыс істеуіне рұқсат берілсін;

18) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық  режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда қызметкерлердің кемінде 50%-ын қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру;

19) меншік нысанына қарамастан, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып, алдын-ала тіркелу арқылы медициналық ұйымдардың қызметіне рұқсат берілсін;

20) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат берілсін;

21) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан аспайтын, ашық алаңдарда 50 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір үстелге 4 адамнан аспайтын адам санына отыруға рұқсат етіп, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелер, мейрамханалар және басқалар) қызметіне сағат 08:00-дан  22:00-ге дейін рұқсат берілсін;

22) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 22.00-ге дейін автомобиль жуу, автомобиль жөндеу, шиномонтаж жұмыстарына және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету қызметіне рұқсат берілсін;

23) күшейтілген дезинфекциялық-жинау режимін сақтай отырып, ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО)  жұмысын портал арқылы алдын ала брондау бойынша ұйымдастыруға рұқсат берілсін Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBBot 2.0 жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмысы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, жұмысына рұқсат берілсін;

24) медициналық немесе мата бетперделерін (бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) киіп, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, азаматтардың 3 адамнан аспайтын топпен жүруіне рұқсат берілсін;

25) ашық ауада  10 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға, сондай-ақ Ұлттық құрама және Олимпиадалық резервке арналған спорттық жаттығулар мен жарыстарды  көрерменсіз өткізуге, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан аспайтын, байланыссыз термометрияны пайдалана отырып, спорт базаларында тұрғанда) рұқсат берілсін;

26) сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) қызметіне рұқсат берілсін;

27)  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, контингенті 5-тен 180адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат берілсін;

3. Демалыс  (сенбі, жексенбі) және мереке күндері:

1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

4. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

5. Атырау облысының әкіміне, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстер мен автоөтпелерден келген адамдарда ПТР әдісімен COVID-19 – ға зертханалық тексеру жүргізілгендігі жөнінде анықтамасы жоқ және термометриядан өткізу кезінде дене температурасы жоғары болған адамдарды ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізу үшін  2 тәулікке оқшаулау мақсатында карантиндік стационарлардың жұмыс жасауы ұйымдастырсын;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмесін;

3) COVID-19-ға ПТР зертханалық тексеру қорытындысымен оң нәтиже анықталған және дене температурасы жоғары болған  адамдарды жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулансын;

6. «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» ЖШС ГП - Атырау бөлімшесі филиалы, Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына:

1) COVID-19 – дің әкелуін және таралуын алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырсын;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін Ганюшкино станциясының қызметкерлерін міндетті термометриядан өткізуді қамтамасыз етсін.

7. Х.Доспанов атындағы Атырау  халықаралық әуежайының басшысына:

1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

8. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына, Көліктегі тауарлар мен көрсетілерін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Атырау қаласының әуежайы санитариялық бақылау пунктінің, Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілерін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне:

1) Атырау облысына Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінен шетелден авиарейстер мен автоөтпелерден келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия жүргізе отырып, санитариялық- карантиндік бақылау жүргізсін.

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттері мамандармен, тәулік бойы  жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етсін;

9. Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық  даму басқармасы Атырау облысына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергендігі  туралы туроператорларды хабардар  етсін.

10. «Ұлттық сараптама орталығы» шауруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облысы бойынша филиалына:

1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;

2) екі тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау  нәтижесін беруді қамтамасыз етсін.

11. Атырау облысының Полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын (қоғамдық көліктердің отыратын орындар санына сәйкес толуы және бетперде режимінің сақталуы бойынша, жаппай іс-шаралар өткізу: үйлену тойлары, еске алу және т.б.), жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдасын.

12. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Атырау қаласының әкімдігімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қосымша қабылданған шаралар туралы  халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

13. Атырау облысы әкімі, қала және аудан әкімдері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне: 

1) жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін;

2) демалыс және мереке күндері уақытша тоқтата тұру кезеңінде сауда үйлерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында, азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларында ауқымды дезинфекциялық жұмыстар  жүргізсін.

14. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

15. Осы қаулының орындалуын өзіме қадағалаймын. 16. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігері А.Шаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521