ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР САНЫ АЗАЙДЫ

Бүгінгі күні модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 30 жүкті әйел ем қабылдауда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жылойлық Гүлзия Елеулиева жүктілігінің 31 аптасында модульді жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Жағдайының ауырлығына байланысты 10 күндей жансақтау бөлімінде жатып, 3-ші сәбиін кесір тілігі арқылы дүниеге әкелді. Бүгінгі күні қалыпты бөлімде ем қабылдауда.

Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәби облыстық периниталдық орталықта. - Ауруханаға түскен кезде жағдайым қиын болатын. Қазір жағдайым жақсы, балам да аман-сау. Осы орайда аурухана әкімшілігіне рақметімді жеткізгім келеді. Нұрфия Төлемісқызы бастаған бөлім ұжымына, жансақтау бөлімінде әркез денсаулығымды бақылауда ұстаған Дәулен Хамидоллаұлына алғысым шексіз.

Тұрғындардын барынша сақ болып, сақтық шараларын қатаң ұстануын сұраймын,- деді Гүлзия Елеулиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521