Төрткүл дүниені өзіне қаратқан COVID- 19 індеті қаланы қойып облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға да жетті. Барлығы 34 мыңға тарта халқы бар ауданында әсіресе Индербор кенті мен Есбол, Өрлік ауылдық окрутерінде көп тіркелген.
Аудандық тауралар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім бастығы Ақмарал Досымбетқызының берген мәліметі жаға ұстатарлық. Ақпаратты жіктеп айтар болсақ, Индербор кентінде-62, Есболда-18, Өрлікте-13 Жарсуатта-6, Елтайда-2, Бөденеде 2 науқас тіркеліпті.
Індет басталғалы бері 4 адам сауықтырылған. Науқастардың ішінде 17 адам Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурыханасына жатқызылған.
Сырқатқа шалдығушылардың үлкені 82 де болса кішісі 1 жастағы сәби.
Қоғамды алаңдатқан індеттің бетін қайтару жолында атқарушы билік қолдан келген барлық амалдарды жүзеге асыруға қарекет етуде.
Ауданда құрылған мобильдік топтың жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың айтуынша, ауданымыздағы эпидемеологиялық ахуал күні бүгінге тұрақты болмай отыр. COVID- 19 сырқаттанушылық деңгейі аудан бойынша 103 адамды құрады (22.06.2020 ж. мәлімет бойынша). Шектеулердің негізгі мақсаты осы індеттің таралуына жол бермеу. Аудан бойынша жалпы 7 мобильдік топтар құрылды. Бұл мобильдік топтардың негізгі міндеті аудан тұрғындары арасында, кәсіпкерлік нысандар арасында жалпы көпшілікке осы карантиндік шектеу іс шараларының маңызына түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады,-дейді топ жетекшісі.
С.КӨШЕКОВ