Индер емдеу мекемелері жас дәрігерлермен толықты

Ауданда дәрігерлердің жетіспеушілігі бұған дейін үлкен мәселеге айналса, соңғы уақытта оның шешімі табыла бастағандай.

Былтыр ауданға жаңадан 13 дәрігер келсе, оның 10-ы жас маман және 3 маман сырттан келіп, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында зор үлестерін қосуда. Олардың 5-еуі жалпы практикалық дәрігер және терапевт, акушер-гинеколог, стоматолог, педиатр, хирург мамандары.

Жақында ғана ауданға тағы да хирург пен жалпы практикалық дәрігер келіп, қызметке кірісіп кеткенін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген атап өтті. Олардың екеуі де Шымкент қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлектері Шора Ерлан Тұрсұмахметұлы мен Тәкіш Айшолпан Мұханқызы екен.

-Ауданға әлі де қажетті дәрігер мамандарды алдыртуды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, қажетті эндокринолог, отоларинголог, акушер-гинеколог, анестезиолог –реаниматолог сынды мамандар қажет, - деді бас дәрігер Бауыржан Дүйсенбайұлы.

Жалпы мемлекет тарапынан мамандарға арнайы көмектер қарастырылғаны белгілі. Сондықтан келген дәрігерлерге барлық жағдай жасалмақ.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521