Индер ауданында қызылша ауруының 67 жағдайы тіркелді

 

                 Атырау облысында қызылша ауруының 2905 жағдайы тіркелді

 

Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз –24 қаңтар аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 8409  жағдай тіркелді (Атырау қаласында – 7479 жағдай, Жылыой ауданында – 212 жағдай, Индер ауданында-67 жағдай,Исатай ауданында -146 жағдай, Қызылқоға ауданында-110 жағдай, Құрманғазы ауданында- 165 жағдай, Мақат ауданында – 95жағдай, Махамбет ауданында – 135 жағдай).

     Олардың ішінде:

-        2905 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді (басқа ел мен облыстан әкелінгені – 8: Түркия-3, Тәжікстан-2, Біріккен Араб Әмірлігінен – 1,  Алматы қ.-1, Астана қ.-, Туркистан-1,Ақтөбе-6; жергілікті - 2883);

-        3928 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді;

-        1576  жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.   

                                                  

        Зертханалық жолмен дәлелденген 2905жағдайлар бойынша:

       Аймақтық бөлінісінде: Атырау қаласында-2444 жағдай, Жылыой ауданында- 123 жағдай, Индер ауданында-36 жағдай, Исатай ауданында- 64 жағдай, Құрманғазы ауданында- 62 жағдай, Қызылқоға ауданында-48 жағдай, Мақат ауданында-75, Махамбет ауданында-53жағдай.

   Атырау облысында қызылша аурушылығының соңғы көп тіркелген жағдайы 2019

жылы тіркелді (774 жағдай).

Соңғы екі жылдың қорытындысымен облыста қызылша аурушылығы тіркелген жоқ (2021-2022ж.ж.).

Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел болып отыр.

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразиялық контингенттің орталығында орналасқан, халықтың белсенді көшіп – қонуы жағдайында әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына алғышарттар бар.

Ауру ауа - тамшы жолмен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілемей арқылы таралады.

Аурудың негізгі белгілері - дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктиванын қызаруы, жұтқыншақтын ісінуі,  денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).                                                              

Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін.

Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика.

Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

 

Әлия Аюпқалиқызы,

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521