Индер ауданында бір тәулікте 24 адам індет жұқтырған

 Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды. Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.

Жылыой ауданында - 34,

Индер ауданында - 24,

Исатай ауданында - 6,

Қызылқоға ауданында - 17,

Құрманғазы ауданында - 15,

Мақат ауданында - 5,

Махамбет ауданында-16 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді. Қазір 2542 адам үй жағдайында, 188 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207, фтизиопульманологиялық орталықта - 99, кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 109, аудандық инфекциялық стационарларда - 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта .

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521