Индер ауданында бір адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 96 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 65 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 1 жағдай, Индер ауданында - 1, Исатай ауданында - 4 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  - 8, Құрманғазы ауданында - 4, Мақат ауданында- 2, Махамбет ауданында - 7 адам.  Коронавирустық инфекциясы бар 43 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 53 адамда ауру белгілері жоқ.  Өткен тәулікте облыста коронавирустан 62 адам емделді.

Қазір 2 500 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 144, екінші облыстық ауруханада – 123 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 55, кардиоорталықта - 12, т/ж ауруханасында - 14 адам ем алуда, жатақханада - 21,  аудандық инфекциялық стационарларда - 105.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 100 науқас. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521