Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 30 желтоқсанда «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған Заң профилактика субъектілерінің, МИБ (ОСИ) төрағаларының, кәсіпкерлердің және басқа да азаматтардың құқықтары мен рөлін нақты айқындайды. Бұл алдын алу шараларын қабылдау кезінде тиімді өзара іс-қимыл мен әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа Заң азаматтардың құқықтарын қорғауға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған заманауи профилактика жүйесін қалыптастырады. Қабылданған барлық шаралар қауіпсіз орта құруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға ғана бағытталған.
«Дендер-Ақпарат»


