«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Ұлттық ұланның үздігі атанды

                Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 2025 жылғы қызмет қорытындысына арналған әскери кеңес өтті. Маңызды жиын барысында Ұлттық ұлан әскерлерінің бір жыл бойғы атқарған жұмысы жан-жақты сараланып, үздік нәтижелер анықталды.

               Әскери кеңесте әскердегі заң мен тәртіптің сақталуы, қызметтік және жауынгерлік іс-әрекеттердің орындалуы, сондай-ақ Ұлттық ұлан құрамындағы спорттық жарыстардың қорытындылары талқыланды. Әр бағыт бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер кешенді түрде бағаланып, өңірлік қолбасшылықтардың жалпы рейтингі шығарылды.

              Жыл қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы барлық негізгі көрсеткіштерде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, өңірлік қолбасшылықтар арасында 2025 жылдың үздігі атанды.

              Жиын барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жеке құрамның әскери тәртіпті сақтау, жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бағыттарында тұрақты әрі нәтижелі жұмыс жүргізгені аталып өтілді.

              Жиын соңында Ұлттық ұлан басшылығы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамын жоғары нәтижемен құттықтап, алдағы уақытта да қойылған міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

 

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT