Ауа райының күрт өзгеруіне және жол бетінің көктайғақ болуына байланысты жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерін жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Жаяу жүргіншілерге тек белгіленген өткелдер арқылы өтіп, асықпай қозғалу, табаны таймайтын аяқ киім кию, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау ұсынылады. Тайғақ жол жағдайында абайсыздық дене жарақаты зардабына әкелуі мүмкін.
Көлік жүргізушілеріне белгіленген жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіз арақашықтықты ұстану, жол белгілерінің талаптарын орындау және жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін ескертеміз. Көктайғақ кезінде көлік құралын басқару едәуір қиындайтынын назарға алған жөн.
Қазіргі уақытта аудан аумағында, оның ішінде Индербор кенті мен ауылдық округтерде, ауыл және кентішілік көшелерде көктайғақтың алдын алу мақсатында мұздан тазалау және инертті материалдар (құм-тұз қоспасы) себу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау –әрбір азаматтың жауапкершілігі.


